Кәсіпкерліктің құқықтық негіздері
ҰҰ ТДМ іске асыру аясында 2024 жылдың 15 қазанында ТД-13 аясында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.А. Қуаналиева және PhD доктор Г.К. Рашева 2 курс студенттерімен Қазақстан Республикасындағы “Кәсіпкерліктің құқықтық негіздері” атты питчинг конкурс өткізді.Кәсіпкерліктің құқықтық негіздері-бұл кәсіпкерлік қызметті заңды түрде реттейтін ережелер мен қағидалар жиынтығы. Кәсіпкерлікті бастау және жүргізу кезінде заңнамаға сәйкес әрекет ету қажет, себебі бұл кәсіпорынның тұрақты және заңды жұмысын қамтамасыз етеді. Конкурсқа Абыл А.,Советхан А.,Құрманали Т.,Алтыбай Е.,Сейдалы Ә. Және тағы басқалар бизнес туралы анимациялық жобалар дайындап әкелді. Нәтижесінде
• 1-орынды Абыл А.,
• 2-орынды Советхан А.,
• 3-орынды Құрманали Т. иеленді.