Тарихы терең – Егемен елім Қазақстан
.jpg)
2024 жылдың 24 қазанында Экономика кафедрасы 25 қазан Республика күніне арналған іс-шара өткізді. Іс-шара ТДМ 16 - "Әлем, әділеттілік және тиімді институттар", ТДМ 17: «Тұрақты дамудағы жаһандық әріптестік» мақсаттарына сай ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар елдің тарихи жолы, оның халықаралық аренадағы жетістіктері және ұлттық құндылықтарды болашақ ұрпақ үшін сақтаудың маңыздылығын талқылады. Мерекеде елдің бейбітшілікке, заңдылықты нығайтуға және әділ қоғам құруға ұмтылысын іс-шарадағы мерекелік көңіл-күй, викториналық сауалнамалар жасау, Республика гимнын орындау, концерттік бағдарламалардан жақсы байқауға болады.
Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының оқытушылар құрамы: Иляшова Г.К., Тураров Д.Р., Андабаева Г.К., Б.З.Нурманова, Кулиев И.У., Табеев Т.П., Рахматуллаева Д.Р., Жоламанов Е.М., Есенгельдиева А.А., Ережепова А.А.
Басқа жаңалықтар

