Құқықтық жүйенің негіздері талданды

11 қазан, 2024

2024 жылдың 11 қазанында БҰҰ-ның ТДМ-16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» бағдарламасы аясында «кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының 1-курс магистранты Салаватулы Дамир Қызылорда облысындағы, Қызылорда қаласы, Байтұрсынов көшесі 21а, “Мырзабек Дуйсенов атындағы № 15 мектеп-лицейінің” 11 сынып оқушыларымен «Құқықтық жүйенің негіздері: Елдегі құқықтық жүйе қалай құрылады және оның негізгі институттары мен функциялары» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты - Қазақстанның құқықтық жүйесінің негізгі принциптері, институттары мен функциялары туралы оқушыларды таныстыру болды. Сабақ барысында құқықтық нормалардың қоғам үшін маңыздылығы, сондай-ақ осы нормалардың азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қалай қорғайтынына назар аударылды. Қатысушыларға сот билігінің құрылымы, құқық қорғау органдарының жүйесі және әді
леттілік пен заңдылықты қамтамасыз ететін процестік аспектілерді түсіну мүмкіндігі ұсынылды.
Кездесуді аяқтай келе, магистрант құқықтық жүйенің негіздерін түсінудің құқықтық сананы қалыптастыру мен белсенді азаматтық ұстанымды дамытудағы маңызды элемент екендігін атап өтті. Өз құқықтары мен міндеттерін түсіну — әрбір адамның әділеттілік пен заңдылықты қорғауға қатысуына мүмкіндік беретін гармониялық қоғам құрудың кілті. Бұл кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға маңызды қадам болып, оларға құқықтық нормалар мен олардың қоғамдағы рөліне саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.