«Климатты құқықтық қорғау» тақырыбында ғылыми семинар өтті

28 қазан, 2024

 Қазақстан Республикасының күні елдің тәуелсіздігі мен егемендігін білдіреді. Болашақ ұрпақ үшін қоршаған орта мен ресурстарды қорғау патриотизмнің маңызды элементіне айналуда. 
Климаттың өзгеруі – бұл бүкіл өркениетіміз үшін нақты және даусыз қауіп. Оның салдары қазірдің өзінде байқалуда және біз қазір ешқандай шара қолданбасақ, олар апатты болуы мүмкін. Білім беру, инновациялар және климатты қорғау міндеттемелерін орындау арқылы біз планетаны қорғау үшін қажетті өзгерістерге қол жеткізе аламыз. Бұл өзгерістер сонымен қатар инфрақұрылымымызды жаңғыртуға үлкен мүмкіндіктер ашып, жаңа жұмыс орындарын құруға және бүкіл әлемде әл-ауқаттың өсуіне ықпал етеді.
«7M04212 Теңіз және энергетикалық құқық (Баку МУ)» мамандығының студенттері Абилова Д.Т. және Нагманов Н.Ж. ғылыми—зертттеу тәжірибесі аясында «Тұрақты даму мақсаттары №13 – Климаттың өзгеруімен күрес» және «Климатты құқықтық қорғау» тақырыбында  ғылыми семинарлар өткізді. 
Ғылыми семинарға 2-курстың 209 тобының студенттері қатысып, тақырыптарға белсенді қызығушылық танытып, талқылауға қатысты.
Ғылыми семинар мақсаты: климаттың өзгеруі және оның салдарымен күресуге бағытталған шараларды талдау және талқылау. Семинар аясында жылыжай газдардың шығарылуын азайту, климаттық өзгерістерге бейімделу және экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізумен байланысты тұрақты дамудың негізгі аспектілері қарастырылды. Семинар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өткізілді.
Семинар барысында келесі сұрақтар талқыланды:
1.    Тұрақты даму мақсаттары №13 қарастыратын мәселелер мен мақсаттар
2.    Қазақстан Республикасының климаттың өзгерісі саясатының негізгі аспектілері
3.    Су ресурстарын тиімді қолдану
4.    Жүзеге асырылуы тиіс қажетті шаралар