- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Денсаулық психологиясы» тақырыбында кадастр мамандығы студенттерінің арасында Д.К.Молжигитова мен А.Е.Бектурганованың ұйымдастыруымен іс-шара өтті.
«Денсаулық психологиясы» тақырыбында кадастр мамандығы студенттерінің арасында Д.К.Молжигитова мен А.Е.Бектурганованың ұйымдастыруымен іс-шара өтті.
17 тұрақты даму міндеттері (ТДМ) бойынша іс-шараларлы ұйымдастыру, нәтижелерге қол жеткізу және ТДМ қажеттілігі мен маңыздылығын оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер арасында танымал ету мақсатында география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында әртүрлі ісшаралар өтуде, оның бірі «Денсаулық психологиясы» тақырыбында Кадастр 2, 3 курс студенттерінің арасында Д.К.Молжигитовамен А.Е.Бектурганованың ұйымдастыруымен 26 – қазан күні өткен болатын.
Ашық сабақтар студенттер мен эдвайзерлер денсаулық психологиясын маңызын және әр жас категориясында ол қалай өзгеретіндігін, сонымен қатар қазіргі таңдағы осы саладағы орын алған проблемаларды анықтады. Денсаулық психолиясының мақсаты - теорияны қолдану, психологиялық денсаулықтың дамуы және физикалық денсаулықты сақтау, системалық позициясын, аурудың ерекше түрін қарастыру болып табылғандықтан, біз келесідей міндеттерді орындасақ дұрыс жолмен келе жатқанымыз айқын, олар:
* денсаулықты нығайту және сақтау, аурулардың алдын алу және емдеу;
* аурудың және онымен байланысты дисфункциялардың этиологиялық және диагностикалық корреляциясын сәйкестендіру;
* сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін талдау және жақсарту, денсаулық стратегиясын (саясатын) қалыптастыру.
Сабақтың соңында студенттер өз жағдайларында денсаулық психологиясының бағыттары бойынша ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.