ТДМ-ның 16-шы мақсаты бойынша. Заң алдында барлығы тең. Әділдік пен заң үстемдігі принциптерін сақтау

21 қазан, 2024

         2024 жылдың 21 қазанында Геоинформатика білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен Әділдік пен заң үстемдігі принциптерін сақтау тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында студенттермен №16 Тұрақты даму мақсаты - Бейбітшілік, сот әділдігі мен мен мықты институттар аясында Орнықты даму мүддесі үшін бейбіт және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығына сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және кеңінен қатысуға негізделген мекемелер құру бастамалары талқыланды. Дөңгелек үстел барысында студенттер бір-бірімен пікір таласқа түсіп, заң алдында барлық азаматтардың тең екендігіне және оған жету жолдары айтылды.