«Ғылым адамы» - Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұлов.

28 қазан, 2024

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №4. Сапалы білім

Қалқаман Тұрсынұлы – тарих ғылымдарының докторы, танымал тарихшы-ғалым, ҚР ӘҒА, ГҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры.

Ғылыми жолын 1972 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың жалпы тарих кафедрасында оқытушы болып бастаған. Содан бері ғалым өзінің туған университетінің қабырғасында ассистенттен профессорға, кафедра меңгерушісі, факультет деканы және академикке дейінгі кәсіби өсуінің барлық сатыларынан өтті.

1997 жылы Қалқаман Тұрсынұлы «Ежелгі герман қоғамы халықтарының ұлы қоныс аударуына дейінгі дамуының негізгі мәселелері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Бұл оның ерте орта ғасырлар тарихы бойынша көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі болды.

Профессор Қ.Т.Жұмағұлов Қазақстанда Халықаралық DААD грантының (Германия) жалғыз алты мәрте иегері: 1995, 1997, 1999, 2003, 2007, 2011 жж.

Профессор Қалқаман Жұмағұлов – тұңғыш қазақ тарихшы-медиевист, 500-ге тарта еңбектердің авторы. Оның жетекшілік етуімен 16 кандидаттық диссертация, 8 докторлық диссертация (PhD), сондай-ақ көптеген магистрлік диссертациялар қорғалды.