ТДМ-ның 12-ші мақсаты бойынша: Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) пен тұрақты өндірістің рөлі

28 қазан, 2024

        2024 жылдың 28 қазанында Геоинформатика білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен «Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) пен тұрақты өндірістің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында студенттермен №12  Тұрақты даму мақсаты - Оңтайлы тұтыну мен өндіру үлгілеріне өтуді қамтамасыз ету аясында дүние жүзіндегі тұтыну мен өндіріс – әлемдік экономиканың қозғаушы күші – планетаға әлі де жойқын әсер ететін табиғи орта мен ресурстарды пайдалануға негізделген мақсаттары айқындалды.

        Дөңгелек үстел барысында қоғамның қалыпты дамуы үшін корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің және тұрақты өндірістің маңыздылығы айқындалды. Сонымен қатар, ел экономикасында өндіріс нысандарының ықпалы пікір-таласқа салынды.