«Экологиялық сауаттылық» тақырыбындағы тәрбие сағаты
Қазан айының 29-шы жұлдызы картография және геоинформатика кафедрасының оқытушысы Қырғызбай Қ.Т. ұйымдастыруымен № 4 Студенттер жатақханасында «Экологиялық сауаттылық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
«Экологиялық сауаттылық» тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел ұйымдастыру – қазіргі жастарды қоршаған ортаны қорғауда дұрыс шешімдерді таңдаудағы маңызды іс-шара.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Студенттерге экологиялық сауаттылықтың маңызын түсіндіру және олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;
2. Қоршаған ортаны қорғау жолдарын талқылау және экологиялық проблемаларды шешуге үлес қосуға ынталандыру;
3. Жеке жауапкершілікті дамыту арқылы табиғатқа саналы көзқарасты қалыптастыру.
Көрнекіліктер:
Экологиялық мәселелер бойынша статистика, бейнероликтер, табиғат туралы инфографикалар мен нақыл сөздер, жоба тапсырмалары.
Тәрбие сағатының нәтижесінде студенттер жаһандық экологиялық ахуалдармен танысып, оның ықпалын азайтуға бағытталған іс-шараларды қолдану бойынша нұсқаулықтар алды.