ТДМ №1 "Кедейлікті жою" аясында шәкіртақы тағайындалды
№1 "Кедейлікті жою" (1.2.1 көрсеткіш: Қаржылай көмек алатын әлеуметтік жағдайы төмен білім алушылар) тұрақты даму мақсатына (ТДМ) қол жеткізуге жәрдемдесу аясында География және табиғатты пайдалану факультетінің Ғылыми кеңесінің отырысында факультеттің 4 студентіне 700 000 теңге көлемінде шәкіртақы табысталды (Ғылыми кеңестің №3 отырысы, 8 қазан 2024 жыл).
Демеушілік жасаған Садырова Гүлбану Әуесханқызы мен Жанбаев Дархан Төлегенұлына география және табиғатты пайдалану факультетітінің атынан алғыс білдіреміз.
Бұл бастама университеттің қосымша қолдауды қажет ететін студенттер үшін тең мүмкіндіктер жасауға деген ұмтылысын көрсетеді, осылайша әлеуметтік теңсіздікті төмендетуге және болашақ мамандардың қолдауына ықпал етеді. Қаржылық көмек студентке оқуға көңіл бөлуге және ғылыми-зерттеу жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.
Мұндай бастамалар университеттің тұрақты даму мақсаттарына және инклюзивті білім беруді қамтамасыз етуге деген ұмтылысын көрсетеді, сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлерді шешуге дайын мамандарды қалыптастыруға ықпал етеді.