Бизнес мектебі кәсіпкер әйелдерді қолдадыFarabi University
Референдум 15 марта

Бизнес мектебі кәсіпкер әйелдерді қолдады

29 қазан, 2024

Фараби халықаралық бизнес мектебі School Girls Power қоры жүзеге асырған Accelerate жобасын қолдады. 

ACCELERATE бағдар­ла­ма­сының негізгі мақсаты – шағын және орта бизнеске иелік ететін 300 жас әйелді цифрлық және іскерлік дағдыларға үй­рету және тәлімгерлік көрсету, сондай-ақ олардың қол­да­ныстағы бизнесін жақсартуға және кеңейтуге көмектесу, нә­ти­жесінде жұмыс орындарын көбейту және табыс деңгейін арттыру.

Бағдарлама Орталық Азия­ның үш елінен келген кәсіпкер әйелдерге қолжетімді болды: Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан. Ұйым­дас­тыру­шы­лар бағдарламаға қатысу үшін 1509 өтінім қабылдап, олардың ішінен 351 қатысушыны ірік­теді.

Бизнес-мектептің оқыту­шы­лары, соның ішінде FIBS директорының орынбасары Қиял Түкембаева және бизнес-тренерлер Мұрат Жәкішев пен Кубат Чопиев екі ай бойы апта сайын Zoom платформасында «Бизнес ауқымын кеңейту», «Қар­жылық басқару» және «Кә­сіпкерлік дағдылар мен тұл­ға­лық даму» пәндері бойынша сабақтар өткізді. Сонымен қа­тар әрбір оқытушы 10-12 адам­нан тұратын екі тәлімгерлік топ­ты басқарып, топтық және жеке тәлімгерлік сессиялар өткізді.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін 300 қатысушы серти­фи­кат алды, ал олардың 13-і ин­вес­тиция алу үшін соңғы пит­чинг­ке өтті.  Осы жобаны қол­дау арқылы Farabi International Business School Қазақ­стан, Қырғызстан және Өз­бек­стан­дағы әйелдер кә­­сіп­­керлігінің дамуына елеулі үлес қосты. Бұл туралы Girls Power тәуелсіз қорының атал­ған бағдарлама ұйым­дас­ты­ру­шысы жолдаған алғыс хатта атап өтілді. Ал бағдарлама қа­ты­сушылары әлеуметтік же­лі­лерде және Farabi International Business School-дың әрбір оқытушысына жеке ал­ғыс­тарын білдірді.

Нұрсұлтан

ЖЕКСЕНБАЕВ