ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

30 қазан, 2024

2024 жылғы 29 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №18 жатақханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауынан алынған «Инвестициялық ахуалды және бизнесті жүргізу жағдайын жақсарту жолындағы үздіксіз жұмыс туралы нақты талдау мен талқылау» тақырыбында кездесу өтті.  Іс-шара кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен және БҰҰ ТДМ №8 аясында өткізілді. Іс-шараға з.ғ.к., доцент Қалымбек Б., аға оқытушылар Сағынаев М. Е., Қуандықова Э., Рашева Г.К. және заң факультетінің 3-курс студенттері қатысты.
Өз сөзінде доцент Қалымбек Бақытжан Қазақстандағы іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартудың негізгі аспектілерін, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту, шағын және орта бизнесті қолдау және тұрақты экономикалық өсуге арналған инновацияларды енгізу мәселелерін атап өтті. Сағынаев М. Е., Қуандықова Э.С. инвестицияларды қорғауға және бизнесті жүргізу рәсімдерін жеңілдетуге ықпал ететін құқықтық негіздің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Талқылауда сондай-ақ білім беру мен жұмыс күшінің біліктілігін арттыру арқылы инновациялық бастамаларды қолдаудың рөлі қарастырылды. Қатысушылар адами капиталды дамытуға және экономиканың жаңа салалары үшін мамандар дайындауға инвестиция салу тұрақты өсу мен халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін маңызды деген ортақ пікірге келді.
Кездесу соңында инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша келесі қадамдарға ұсыныстар берілді. Бұл Қазақстанның экономикалық мақсаттарына қол жеткізуіне және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға көмектеседі.