Жаңа білім көкжиегіне ашылған жол
Сарыағаш ауданындағы мамандандырылған мектептің 11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында Қазақ ұлттық университетіне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар университеттің тарихымен, оқу бағдарламаларымен және студенттік өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Экскурсия барысында оқушыларға университет мұражайларына, кітапханасына және ғылыми орталықтарына баруға мүмкіндік берілді. Бұл экскурсия ТДМ 3 негізінде орындалды.
Берілген экскурсия «Бизнес-технологиялар»кафедрасының оқытушылары Ахметова З.Б., Тұрлыбекова Н.М., Абдикул Ш.Н. ұйымдастыруымен және кафедраның 4 курс «Логистика» мамандығының белсенді студенттерінің жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Экскурсия ұйымдастырушылары атап өткендей, мұндай іс-шаралар оқушыларға мақсат қоюға және армандаған мамандықтарына жету үшін қажетті қадамдарды жоспарлауға көмектеседі.
Автор:
Абдикул Ш.Н.