Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының бір бағыты – «Құрлық экожүйелерін қорғау» бағыты бойынша 2024 жылдың 12 қазан күні Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы К.Қ. Қабдолдинаның ұйымдастыруымен Ғылыми тарих мамандығының 1-курс студенттерімен табиғатты қорғау және оның ластануының алдын алу мақсатында студенттермен Алматы қаласының Медеу аймағын пластикалық ыдыстардан тазарту шараларын жүргізді. Себебі, пластикалық пакеттердің ыдырауы материалына байланысты орта есеппен 300-700 жылға созылады. Толық ыдырағаннан кейін де шамамен 1000 жылдай пластикалық пакеттер улы болып қалады және қоршаған ортаны ластауды жалғастырады. Бұндай экологиялық бағдарламаларға қатыса отырып, студенттер жаңа білім алып қана қоймай, өздерін де және айналасындағыларды да табиғатқа деген құрметті қалыптастырады. Осылайша, студенттердің белсенді ұстанымы біздің планетамыздың болашағына айтарлықтай оң әсер етіп, оны келесі ұрпаққа сақтауға көмектеседі.