Ғылыми зерттеулер: Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың негізгі факторы
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері Скопус базасындағы Q-1 және Q-2 квартилінде жарияланған мақалаларының мәліметтері Тұрақты даму мақсаттарының 3,7 бағытында 2022-2023 оқу жылында кафедра бойынша 4 мақала жарияланған. Ал биылғы 2023-2024 оқу жылында бұл бағыттарда 9 мақала жарияланып, екі жарым есеге артты. Аймақтағы экожүйелерде микропластиктердің ластау масштабы глобалды проблема екені кеңінен қарастырылып, оның алдын-алу бағытында жүргізілген ғылыми-зерттеулердің нәтижесінде, мықты денсаулық пен амандықты қалыптастыруда алғы шарттар жасалынып, практикалық маңызды ғылыми тұжырымдалар жасалынған. Экожүйені сауықтыру арқылы қолжетімді және таза энергияны ұштастыра дамытудың келешегін қалыптастыруда әлемдік деңгейде тәжірибемен алмасу мүмкіндігі мол екенін көрсетті.
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия
кафедрасының меңгерушісі,
химия ғылымдарының докторы, профессор
Әубәкіров Е.А.