ТДМ-4: «Студенттің кәсіби мотивациясы» тақырыбында семинар-тренинг өтті

23 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы мен Психологиялық қолдау қызметі бірлесіп,  ТДМ-4: «Сапалы білім беру» аясында 23 қазан күні Биология және биотехнология факультеті студенттеріне арнап «Студенттің кәсіби мотивациясы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Аталған семинар-тренингке келген студенттер студенттік өмірдегі кәсіби мотивацияны дамытудың маңыздылығы мен кәсіби тұрғыдағы қажеттілігімен танысып, өздеріне керекті көптеген маңызды ақпараттар алды. Семинар барысында көптеген мысалдар келтіріліп, студенттер өз өмірінен мотивацияға байланысты оқиғаларымен бөлісті.

Семинарда келесідей тақырыптар айтылды:

  • мотивация дүниетаным ұғымы және оның белгілері
  • мотивация феноменінің белгілері және олардың түрлері
  • оны игеру және дамыту
  • оны студенттік өмірде тиімді қолдана білу
  • мотивация дүниетанымын ғылыми тұрғыда қарастыру  

Сонымен қатар семинар барысында студенттер үшін  адамның бойында әртүрлі мотивацияны дамытатын психологиялық топтық ойындарға қатысып, өздеріне көптеген жаңа инсайт, ақпарат, көңіл-күй алды.