- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ студенттік стартаптар байқауының жеңімпазы өз стартапын «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық байқауына қатысуға ұсынды
ҚазҰУ студенттік стартаптар байқауының жеңімпазы өз стартапын «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық байқауына қатысуға ұсынды
«7М05113-Нейроғылым» мамандығының 1 курс магистранты, 2024 жылғы ҚазҰУ студенттік стартап байқауының лауреаты Қанат Елубаев өз стартапын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық байқауына қатысуға ұсынды.
Жобаның атауы және бағыты - Hexa.bilim – білім берудегі нейромаркетингті жүйеге негізделген геймификациялау технологиясын қолданатын мобильді қосымша. Жобаның жетекшісі – аға оқутышы Бахытжан Қайрат№ Жобаның қысқаша сипаттамасы: Hexa.bilim – оқу процесін қызықты ойынға айналдыратын биологияны үйренуге арналған инновациялық мобильді қосымша. Қолданба оқушылардың мотивациясы мен белсенділігін арттыру, сондай-ақ оқуды жақсарту үшін нейромаркетинг және геймификация принциптерін пайдаланады.
Нысаналы аудитория. Биологияға қызығушылық танытатын орта және жоғары сынып оқушылары, әсіресе ҰБТ тапсыратын мектеп түлектері, сондай-ақ осы саладағы білімін интерактивті және көңілді түрде жетілдіргісі келетін кез-келген адам.
Жобаның миссиясы Оқытудың заманауи технологиялары мен ғылыми тәсілдерін пайдалана отырып, биология пәнін әркімге қолжетімді, қызықты және тиімді ету.
Ұраны: «Ойнап білім ал!»
Бастаманың негіздемесі :
- Биологияны оқытудың дәстүрлі әдістері жиі қызықсыз және қиын деп қабылдауына байланысты.
-Оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттыратын ойын түрінде білім алатын инновациялық білім беру құралдары қажет.
-Нейромаркетинг пен геймификация басқа салаларда тиімділігін көрсетті және оларды білім беруде қолданудың әлеуеті зор.
Жобаның мақсаттары :
-Мобильді қосымшадағы оқу материалдарын жасау және жетілдіру.
-Геймификациялық техологияларды қолданып оқушылардың биологияны оқуға деген ынтасын және белсенділігін арттыру.
- Нейромаркетингтік стратегияларды қолданып білімді қабылдауды және ақпаратты ұзақ уақыт сақтауды жақсарту.
-Көпшілік жаратылыстынау ғылымдарына деген оң көзқарасты дамыту және сана сезімді визуальды жетілдіру.
Жобаның міндеттері:
-Мобильді оқытуға бейімделген жоғары сапалы ең нақты әрі сенімді контенттер модульдерін жасау
-Пәнге негізделген нейромаркетингтік стратегиялар құрастыру
-Геймификация мүмкіндіктерін жетілдіру
Жобаның сәттілігін бағалаудың нысаналы көрсеткіштері мен өлшем шарттары :
-Жүктеп алулар саны және қолданбаның белсенді пайдаланушылары.
-Пайдаланушының қызығушылық деңгейі (қолданбаға жұмсалған уақыт, пайдалану жиілігі).
-Оқушылардың биология бойынша тесттер мен тапсырмалар бойынша үлгерімін арттыру.
-Пайдаланушылар мен білім беру мамандарының оң пікірлері.
Жобаның мүдделі тараптары;
-Мектеп бітіруші түлектер,
-Орта мектеп оқушылары,
-Жоғары мектеп оқушылар,
-Оқытушылар,
-Оқу орталықтары,
-Биология олимпиадаға дайындалушылар
Елиубаев Қанатқа республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауында жеңіске жетуіне тілектеспіз!