«Есірткі адамға қаншалықты зиян!»

23 қазан, 2024

Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының  бағыты -  3.«Салауатты өмір салты және әл-ауқаты», оның ішінде  «Есірткі мен алкогольді тоқтату» бағыты бойынша 2024 жылдың 23  қазан күні Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Н.А.Тасилова мен аға оқытушылар М.Д.Байдавлетова, Ғ.З.Искакованың ұйымдастыруымен Ғылыми тарих мамандығының 2-курс студенттерімен «Есірткі адамға қаншалықты зиян!»  атты тәрбиелік және денсаулықты сақтауға бағытталған шараны өткізді. Нашақорлық – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет.  Шара барысында нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіретіндігі айтылды. Нашақорлық – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Сондықтан, ғасыр дертінен қоғам болып бас тарту маңызды!