Мұражай-өткеннің қазынасы, болашақтың мұрасы

18 қазан, 2024

Өткізілген шараның мақсаты: тыңдаушыларды мұражайда сақталған құнды жәдігерлер, этнографиялық материалдар қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмысы мен бай рухани және материалдық мәдениетімен таныстыру арқылы дүниетанымдық көзқарастарын дамыту.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА әр елден келген ұлты қазақ шетел азаматтары еліміздің тарихи мұрасы, жәдігері сақталған Алматы қаласында орналасқан  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіне барып қайтты.  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азия аумағына танымал, бірегей әрі көне музейлердің бірі. Оның қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады.

Мұражайдың жаңа ғимараты 1985 жылы салынған. Мұражайдың негізгі мақсаты тарихи және мәдени ескерткіштерді кешендік жинау, сақтау, зерттеу және насихаттау.

Сонымен қатар, ұлттық мәдени қазынаны пайдалану процесін материалдық-техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.

Тыңдаушылар тарихи этнография залына экскурсия жасады. Залдан орын алған этнографиялық материалдар қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмысы мен дүниетанымдық көзқарастарынан, бай рухани және материалдық мәдениетінен сыр шертеді.

Тарихқа шолу жасап, қазақтардың ерте кездегі дәстүрлі мәдениеті, яғни тіршілік, шаруашылық және тұрмыстық салтымен, рухани мәдениетімен танысып қайтты.