«Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар»

29 қазан, 2024

Жігерлі болса ер болар,  бірлікті болса ел болар» қағидаттарын іске асыру бойынша Түркітану мамандығының 3-курс түркімен студенттері мен «Алматы қаласы және Алматы облысы түркімен қоғамдық-мәдени орталығы» ҚБ төрайымы Аннакулиева Гульнара Атаевна қатысуымен топ эдвайзері Канашаева Гулжазира  29 қазан 2024 жылы қонақ дәріс өткізді. Дәрісте Гульнара Атаевна түрік халықтарының бірлігі туралы, қазіргі таңдағы өзектілігі, түрік бірлігінің біртұтастығы мен тіл, әдебиет, дін, тарих және мәдениет саласындағы көкейтесті мәселерді студенттермен талқылады. Түркі мемлекеттері ұйымдарының қызметтері туралы мәліметтер берілді. Аталған іш-шараға оқытушы-профессорлық құрам және студенттер қатысты.

Ұйымдастырған: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түркітану және тіл теориясы кафедрасы және Түркітану 3 курс кураторы Г.A. Қанашаева.