Қазақстан тарихының ең ауыр беттері
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) - бұл кедейлік пен кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға,жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар. 2030 жылға дейін 17 негізгі бағыттар таңдалды, олардың жүзеге асырылуы елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге жетелейді. Осы бағыттардың ішіндегі 4- мақсат ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу. 4-мақсаттың міндеттерінің ішіндегі 4.7 тармағы 2030 жылға дейін барлық білім алушылардың тұрақты даму үшін қажетті білім және машықтарға ие болуын, атап айтқанда тұрақты даму және тұрақты өмір салты, адам құқықтары, гендерлік теңдік, әлем мәдениеті мен зорлық көрсетпеу, әлемнің азаматтығын насихаттау және мәдени алуан-түрлілік құндылығы мен тұрақты дамудағы мәдениеттің үлесін мойындау мәселелері бойынша білім беру арқылы қамтамасыз ету өте өзекті екені белгілі . Осыған орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары көптеген тұрақты даму насихатын жүзеге асырып келеді. Тіл үйренуге келген шетелдік тыңдаушыларына 2024 жылдың 22 жұлдызында «Қазақстан тарихының ең ауыр беттері» атты іс-шара өткізілді. Іс – шара барысында Қазақ халқының басынан өткен ең ауыр нәубеттері туралы слайд көрсетіліп, тарихи нысалармен таныстырылым жасалды. Бұл шараның негізгі міндеті әлемдегі адамзаттың басына түскен қиыншылықтар мен ауыртпашылықтардың себеп салдарын білу, оны болдырмаудың, адам құқығының қаншалықты қымбат екенін түсіндіру.