Тұрақты даму – қазіргі буынның жеке қажеттіліктерін болашақ ұрпақтың талабына зиян келтірмей қанағаттандыратын даму ретінде анықталады. Жаһандық сын-тегеуріндерге жауап бере отырып, ЮНЕСКО адам өмірін жақсартатын бірыңғай ережелерді ұстануға шақырады. Бұл тұрақты даму іс-шараларын іске асыру үшін әрбір университет жинақталған ғылыми және басқарушылық әлеуетін пайдалана отырып күш жігерін біріктіреді. Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті – Қазақстан Республикасында және әлемге танылған, жаңа білім мен технологияларды генерациялау мен трансферттеу сондай-ақ, білім және ғылымды интеграциялау арқылы тұрақты дамудың ажырамас бөлігі болатын жоғары оқу орны. Қазіргі әлеуметтік, экологиялық, экономикалық жағдай мен терең дағдарыс заманында қоршаған орта жасампаздығына көбірек назар бөлінеді. 2002 жылы Йоханнесбургте өткен БҰҰ саммитінде сарапшылардың көпшілігі әлемдік қоғамдастық қызметінің басым бағыттарының бірі – тұрақты даму мүддесіндегі білім болып табылатынын атап өтті. Осыған орай, университет тұрақты даму тұжырымдамасын іс жүзінде іске асыру мақсатында - қоғамда өз орнын қалыптастыруға дайын маман мен азаматтарды даярлауда басты рөлді атқарады.Тұрақты даму мақсаттарының 6 бабындағы «Таза су мен санитария» тақырыбында ЖОО дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Р.И.Дүйсенбаева мен Г.Ә.Машимбаева, М.П. Ешимов қазақ тілін үйреніп жатқан жатқан қазақ топтарында қазанның 29 жұлдызында «Жасыл энергетика» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шарада барлығы үшін су ресурстары мен санитарияның болуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз етудің мақсаты мен көрсеткіштері таныстырылды. Атап айтқанда 6.1 2030 жылға қарай барлығы үшін қауіпсіз және арзан ауызсуға жалпыға бірдей және тең құқылы қол жетімділікті қамтамасыз ету көрсеткіші 2030 жылға қарай тиісті санитариялық-гигиеналық құралдарға жалпыға бірдей және тең құқылы қол жетімділікті қамтамасыз ету және қауіпті жағдайдағы әйелдер мен қыздардың және адамдардың қажеттіліктеріне ерекше назар аудара отырып, ашық дефекацияны тоқтату, көрсеткіші жайында әңгімеленді.