ҚазҰУ ғалымдары қайта қалпына келетін энергия мүмкіндіктерін талқылайды
Халықаралық қатынастар факультеті, АҚШ-тың Мичиган штатының мемлекеттік университеті мен АҚШ-тың Жаһандық өзара әрекеттесу институты «Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы жаңғырмалы энергияның технологияларымен алмасу тұрақты дамудың факторы ретінде»атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференция Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты өкілдігінің және Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттары елшілігінің қолдауымен өтеді.
Конференцияның басты міндеттері қайта қалпына келетін энергия көздері саласындағы аймақтағы ғалымдардың соңғы басты жетістіктерін баяндау, Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің сарапшыларын қайта қалпына келетін энергия технологияларымен алмасудың тек азықтың қауіпсіздігіндегі жетістіктері ғана емес, сонымен қатар аймақтағы мемлекеттердің тұрақты дамуы және жалпы қауіпсіздігін күшейту жайлы болашақтағы әріптестік туралы пікір алмасу. Сонымен қатар конференцияның жұмысы барысында қайта қалпына келетін энергия технологиялардың ең үздік тәжірибесімен халықаралық алмасу жүзеге асырылады және өндіріс саласына инвестицияларды тарту стратегиясын әзірлеу мәселесі қарастырылады.
Осы конференцияға қатысуға көптеген халықаралық ұйымдар (АДБ, ЕҚҚДБ, Дүниежүзілік Банк БҰҰДБ) және Орталық Азиядағы барлық бес мемлекеттің, сонымен қатар Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Қытайдың ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары, қайта қалпына келетін энергетика өнімінің шығарылуымен айналысатын кіші және орта кәсіпкерлердің өкілдері шақыртылады.
Осы конференцияның өткізілуімен байланысты сұрақтар бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық ынтымақтастық және ғылыми-инновациялық жұмысы бойынша декан орынбасары Деловарова Лейла ханымға leila.delovarova@kaznu.kz электрондық пошта немесе 8-7272-43-83-14, 8-701-365-8808 телефоны арқылы; немесе жаһандық өзара әрекеттесу Институтының Еуразия бойынша бағдарламалардың басқарушысы Марина Барнетт ханымға mbarnett@globalengage.org электрондық пошта немесе 1 (202) 664-9229 телефоны арқылы жүгінуіңізге болады.
Өтетін уақыты мен күні: 2 желтоқсан 2015 ж., 9.00 (тіркеу - 8.30).
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті,
Алматы қ., Қарасай батыр к., 95, 2-қабат, Халықаралық қатынастар факультеті, мәжіліс залы.