Жастар есіріткіге, алкогольге қарсы!
30 қазан, 2024
«Салауатты өмір салты мен әл-ауқат» ТДМ 3 мақсаттары шеңберінде ТД бойынша ЮНЕСКО кафедрасы География және табиғатты пайдалану факультеті студенттер мен оқытушыларға «Жастар есіріткіге, алкогольге қарсы!» тақырыбында - Қалалық наркологиялық коррекция орталығының нарколог-дәрігері В.А:Бессмертныймен кездесу ұйымдастырды.
Дәрігер-нарколог маманы есіріткі, ішімдік пен шылым шегудің зияны жөнінде, жана есіріткі түрлері, спайстар, олардың алдын алу жөнінде айтты, слайд, видеофильм көрсетті.
Тыңдаушылармен кері байланыс шарасы ретінде интерактивті ойын жүргізіліп, сұрақтар қойылды. Дәрігерге қойған сұрақтарына тыңдаушылар білікті жауаптар ала алды.
Басқа жаңалықтар

18 сәуір, 2025

18 сәуір, 2025