Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде өткен мерекелік концерт

18 қазан, 2024

Ұлтаралық татулық пен ынтымақтастық - Тұрақты дамудың  мақсаттарын жүзеге асырудың негізгі факторлары ретінде 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын еліміздің басты құндылықтарының бірі ұлтаралық татулық пен ынтымақтастық және діни бірегейлік. 1992 жылы елімізде өткен дәстүрлі діндер өкілдерінің конгресінде 18 қазан  Қазақстанда Рухани келісім күні деп белгіленген. Осы мерекенің құрметіне орай және Тұрақты дамудың 17-ші «Тұрақты даму үшін серіктестікті» жүзеге асыру мақсатында  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік концерт болып өтті. Аталмыш іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті Қ.М. Борбасова, аға оқытушылар Н.Мұқан және С.М. Каупенбаева, сонымен қатар кафедраның студенттері, магистранттары мен докторанттары  қатысып, іс-шара соңында қазіргі әлемдегі дәстүрлі діндердің рөлі мен маңызды туралы терең пікір алмасты.