«Қазақстанның демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде конституциялық дамуы»

22 қазан, 2024

2024 жылдың  22 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартайұлы Сартаевты еске алуға арналған «Қазақстанның демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде конституциялық дамуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығын мерекелеу аясында өтуде.

Бұл конференция бейбітшіл, ашық және демократиялық қоғамды орнықты дамыту мүддесінде құруға бағытталған БҰҰ-ның орнықты дамуын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

️Конференция Қазақстан қоғамының орнықты дамуына, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздеріне, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға баға жетпес үлес қосқан ҚР ҰҒА академигі Сұлтан Сартаевты еске алуға арналған.

Конференцияның мақсаты - Қазақстанның демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде конституциялық дамуының өзекті мәселелерін қарастыру.

Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жетекші ғалымдары, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, азаматтық қоғам, құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция барысында ұлы ғалым С.С.Сартаевтың еңбектері, сондай-ақ оның Қазақстанның құқықтық жүйесінің қалыптасуындағы рөлі қаралды.

Конференция-болашақ ұрпақ үшін білім мен шабыт алмасудың маңызды алаңына айналды.

“Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасы.