Ректор ЖОО студенттері мен оқытушыларына құрмет грамоталарын табыстады

18 қазан, 2024

2024 жылдың 18 қазанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінде университеттің құрылғанына 90 жыл толуына және республика күнін мерекелеуге байланысты студенттерді, профессор-оқытушылар құрамын және ЖОО қызметкерлерін марапаттады. Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнері кафедрасының аға оқытушылары Бейсен С.Ф. мен Мухамадиева Л.И. жоғары білікті мамандарды даярлаудағы кәсіби шеберлігі мен көп жылдық еңбегі үшін университет ректорының құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық күш, игі істеріңізге табыс тілейміз!