«Кадастр» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен «Деңсаулық терең байлық» тақырыбында ашық кураторлық сағатFarabi University

«Кадастр» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен «Деңсаулық терең байлық» тақырыбында ашық кураторлық сағат

31 қазан, 2024

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушысы Жұматаева Жазира Манарбекқызың үйымдастыруымен 26 қазан 2024 жылы «Кадастр» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен «Деңсаулық терең байлық» тақырыбында ашық кураторлық сағаты өткізілді.  

Сабақтың мақсаты-жас ұрпаққа адам деңсаулығының қымбаттылығың, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Жас ұрпаққа  «Қазақстан - 2030» бағдарламасының басты міндеттерінің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының бағалы байлық екендігін тусіндіру. Денсаулық – біздің жалғыз ғана асыл дүниеміз. Денсаулықты ақшаға сата да алмаймыз, сатып та ала алмаймыз. Себебі ақша байлық емес, ең басты байлық-денсаулық. Денсаулығымызды сақтамасақ, күтпесек, оны құртып алуымыз мүмкін. Ал ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеу жеңілірек болары айтпасақ та түсінікті. Денсаулықты сақтау үшін пайдалы, адам өміріне зиянын тигізбейтін тағамдарды тұтыну, спортпен шұғылдану қажет, жақсы ұйықтап, таза ауамен демалған да өте пайдалы.

Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа сапалы білім, баланың саулығын сақтап, саналы тәрбие беру. Олардың әрқайсысына өмірден өз жолын табуға көмектесуді негізгі мақсат еткені абзал. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасын, салт-дәстүрін пайдалана отырып, «баланы-жастан»демекші,дені сау, сана-сезімі терең, ақыл ойы зерек ұрпақ тәрбиелеу, баланы бесігінен жақсы әдетке баулу әр ата- ананың, тәрбиешінің міндеті.