ТДМ 4. Сапалы білім беру: Ұлттық құндылықтың бастауы – сапалы білім
Жаңа Қазақстан идеясы аясында білім беру жүйесін жетілдіру, оның сапасын арттыру арқылы зияткерлік әлеуеті жоғары, саналы және жауапты жастарды тәрбиелеуде, «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, университеттің Тұрақты даму мақсаты аясында апта сайын әртүрлі іс-шаралар өткізуде. «ТДМ 4. Сапалы білім беру» аясында 2024 жылдың 24 қазанында 8D02304 Әдебиеттану» мамандығының 1 курс докторанты Болат Рауанның «Қазақстан және ТМД халықтарының әдебиеті» пәні бойынша «Әлішер Науаи және қазақ әдебиеті» тақырыбында ашық дәріс сабағы өтті. Сабаққа пән оқытушысы PhD, аға оқытушы Элеонора Сәрсенәліқызы Сейсенбиева және 1 курс докторанттары қатысты. Іс-шараның негізгі идеясы – аудиторияны ұлы ақын Әлішер Науаидың шығармашылығымен таныстыру, және оның қазақ әдебиетіне тигізген ықпалын зерделеуге арналды. Шара барысында студенттер де өз баяндамаларын ұсынды. Олар Әлішер Науаидың поэзиясындағы негізгі тақырыптарды талдап, оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы өз ойларын білдірді. Студенттер дәріске белсене қатысып, сұрақ- жауап, талдау түрінде жүргізілді. «Ойтүрткі» әдісі арқылы цифрлы технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім дағдыларына шолу жасалды. «Кездейсоқ бөлу» тәсілі арқылы студенттерді топқа бөліп, «Геймификация» әдісімен студенттерді шығарма талдауда өз ойын еркін айтып, квест ойыны арқылы интерактивтілік, креативтілікке басымдық беріп, әр топтың ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық сипаттамаларға жоғары балл берілді. (Шығарма тақырыбы, идеясы, тақырыптама түрлері, кейіпкерлерге мінездеме, образдар жүйесін ашып, талдау жүргізілді).
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының
аға оқытушысы, PhD Э.С.Сейсенбиева