Пластикті қайта өңдеуге арналған іс-шара
31 қазан, 2024
2024 жылдың 28 қазанында педагогикалық практика аясында аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының докторанттары Серік Е. және Бакайкина Н. студенттермен бірге пластикті қайта өңдеуге арналған іс-шара ұйымдастырды. Бұл тақырып өте өзекті және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 15 Жердегі өмір, 15.2 Білім беру арқылы жерүсті экожүйелерін қолдау) сәйкес келеді.
Іс-шара барысында келесі іс-әрекеттер атқарылды:
- пластикті қайта өңдеудің маңыздылығы мен қоқыс сұрыптау мәдениеті туралы талқылау өтті;
- студенттерге Sparklo қосымшасын пайдалана отырып, пластикті қалай және қайда тапсыруға болатыны көрсетілді;
- басқа адамдар арасында пластикті дұрыс тапсыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бізге қосылыңыз! Sparklo қосымшасын жүктеп, жеріміздің экожүйесін сақтау үшін пластик тапсыруды бастаңыз. Тапсырылған пластик үшін түрлі сыйлықтарға айырбастауға болатын бонус алыңыз. Толығырақ — Sparklo қосымшасында.
Басқа жаңалықтар
18 қараша, 2024
18 қараша, 2024
17 қараша, 2024