Scopus, Web of Science базасымен жұмыс

29 қазан, 2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Филология факультеті, Түркология және тіл теориясы кафедрасында магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын (МҒЗЖ және ДҒЗЖ) ұйымдастыру барысында Н. Утемгалиева және Р.Ж. Кондыбаева «Scopus, Web of Science базасымен жұмыс» атты тақырыпта семинар өткізді. Кафедраның аға оқытушылары Н. Утемгалиева және Р.Ж. Кондыбаева аталған тақырып аясында Scopus және Web of Science – ғылыми зерттеулер мен жарияланымдарды талдауға арналған жетекші дерекқорлар туралы мәліметтер айтылды. Бұл платформалар зерттеушілерге мақалаларды іздеуге, дәйексөздермен жұмыс істеуге және өзекті ғылыми трендтерді бақылауға мүмкіндік беретіні айтылды. Зерттеулердің сапасын арттыру үшін осы базаларды тиімді пайдалану маңызды екендігі көрсетілді.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушылары Н. Утемгалиева және Р.Ж. Кондыбаева
Басқа жаңалықтар


