.jpg)
Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау сол құрғырлар,–деген Абай атамыздың осы бір өлең жолдарымен бастау алған Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасын оқымаған жан жоқ болар, сірә. 1970 жылы қалың оқырманға жол тартқан бұл туынды бүгінге дейін маңызын жоймады.
Ғашықтық сезімін шексіз суреттеуге болады. Ақын, жазушылар қаншама өлең жолдары мен романдар жазған. Барлық сезімді ұштастыра білген, шынайы махаббаттың көрінісін көрсеткен Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты кітабы. 31 қазан күні болашақ қоғамды тұрақты дамыту ТМД 4-інші мақсаты “Сапалы білім беру” ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және қазақ әдебиетін, қазақ жазушыларын дәріптеу мақсатында Экономика-23-К2 топ студенттерімен «100 кітап» жобасының аясында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Әзілхан Нұршайықовтың әйгілі кітабының қысқаша мазмұны айтылып өтілді. Студенттер арасында кітап туралы пікір білдірушілер көбейіп, қызу пікірталас орнады.
Басқа жаңалықтар


