- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4. Дмитрий Семикоздың “21-ші ғасырдағы астрофизика жетістіктері” атты ашық лекциясы
ТДМ 4. Дмитрий Семикоздың “21-ші ғасырдағы астрофизика жетістіктері” атты ашық лекциясы
2023 жылдың 31 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде жоғары сынып оқушылары, студенттер мен ғалымдар үшін ашық лекция өтті. Франциядағы CNRS және Париж-Сите университетінің астрофизика және космология лабораториясының профессоры Дмитрий Семикоз екі сағат бойы астрофизикадағы соңғы жетістіктер туралы айтып, тыңдаушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Профессор лекциясында оптикалық астрономияның ерекшеліктері, радиотолқындардан гамма сәулелеріне дейінгі кең ауқымды астрономия, нейтриндік астрономия, нейтрондық жұлдыздар мен қара тесіктер, гравитациялық толқындар, ауыр элементтердің пайда болуы сияқты тақырыптарды қозғады.
Сұрақтар эксперименттік әдістер, оқу әдебиетінің материалдары, астрофизиканың даму перспективалары және таңдалған салада жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы болды. Аудиторияда физика-техникалық факультеттің профессорлары мен оқытушылары, астрофизикаға қызығушылық танытқан бакалавриат студенттері, сондай-ақ Алматы және Талғар қалаларының 10-11 сынып оқушылары болды. Шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағытында – сапалы білім беру аясында өткізілді.