Патриоттық рухты көтеруге арналған акция өттіFarabi University

Патриоттық рухты көтеруге арналған акция өтті

1 қараша, 2024


"Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" №16 (ТДМ-16) орнықты даму мақсатын іске асыру шеңберінде "Қаржы құқығы» және «Кеден ісі" білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттері заң ғылымдарының кандидаты, профессор Г.Т. Айгаринованың жетекшілігімен Тұңғыш Президент саябағында акция ұйымдастырды. Патриоттық рухты көтеру мақсатында өткізілген  іс-шара барысында студенттер, бүлдіршіндер және саябақта демалушылар мемлекеттік ән ұранды орындады. Профессор Г.Т. Айгаринова жиналғандарға арнап сөз сөйлеп, Қазақстанның табиғи ресурстары ел тәуелсіздігінің ажырамас негізі болып табылатынын және ұқыпты көзқарас пен орнықты басқаруды талап ететінін және ел болашағы үшін бірліктің, ынтымақтастықтың және жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Ол студенттерге болашақ ұрпақтың әл-ауқаты үшін Отан байлығын қорғауға және сақтауға шақырды. Акция "Атамекен" патриоттық әнін орындаумен аяқталды, ол қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, және ұлттық бірліктің маңыздылығын еске салды.