10 қазан күні ТДМ 4 «Сапалы білім» аясында №17 Студенттер үйінде қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Баспасөздің әдебиеттегі орны» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында студенттер «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Алматы ақшамы», «Жұлдыз» т.б. газет-журналдардың қоғамдағы рөлі, осы басылымдарда жарияланған әдеби-сын мақалалар, жазушылардың шығармашылық лабораториясына қатысты зерттеулер туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Іс-шара соңында кафедра оқытушыларының бастамасымен аталған басылымдардың жылдық жиынтығы тарту етіліп, жатақханадағы оқу залдарына қойылды.
Басқа жаңалықтар
31 желтоқсан, 2024