ТДМ 11. Ауылым – алтын бесігім.

31 қазан, 2024

«ТДМ №11. «Тұрақты қалалар және елді мекендер» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің студенттері арасында куратор-эдвайзер Г.Т.Оспанованың бастамасымен 2024 жылдың 31 қазанында № 17 студенттер үйінде «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында дөңгелек үстел өкізді. Іс-шараның негізгі идеясы – студенттерді туған жерді бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу. Студенттер ауыл тақырыбы көтерілген кино, ән, сурет, күй өнерінің үлгілерін тамашалады. Бегеніш Сымбаттың «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында баяндамасы тыңдалды. Ерсайынова Жанеркенің орындауындағы «Ақ жауын» күйі және Серікпайқызы Елдананың орындауында «Ауылым» әні шырқалды. Шара барысында студенттер ауыл тақырыбына қатысты шығармаларды талдап, өз шығармашылықтарынан өлең оқыды. Нәтижесінде дипломмен ауылға барудың тиімділігін қарастырды. Іс-шараны ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақ әдебиеті және әдебиеті кафедрасы және 201 топ кураторы Г.Т.Оспанова. Аталған шараға оқытушы-профессорлық құрам, магистранттар мен докторанттар және студенттер т.б. да мүдделі тұрғалар қатысты.