- Басты бет
- Жаңалықтар
- Визуалды-антропологиялық мәселелерді семиотикалық тұрғыда оқу. Фото және киномәтінді (де)кодтау мәселесі
Визуалды-антропологиялық мәселелерді семиотикалық тұрғыда оқу. Фото және киномәтінді (де)кодтау мәселесі
2024 жылдың 1 қараша күні сағат 17.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының шақырылған профессоры және жаңа Сорбонна университетінің кино және аудиовизуалды өндірісті зерттеу институтының (Sorbonne Nouvelle -Paris) шақырылған ғалымы Васильева Виктория «Визуалды-антропологиялық мәселелерді семиотикалық тұрғыда оқу. Фото және киномәтінді (де)кодтау мәселесі» тақырыбында онлайн форматта ғылыми семинар өткізеді.
Мәселелер:
- Мәдениетке семиотикалық көзқарасты қалыптастырудағы құжаттаманың визуалды технологияларының рөлі;
- Қолданылатын визуалды "тіл"тұрғысынан фотографиялық және кинематографиялық бейнелеудің ерекшеліктері;
- Иконикалық белгі: функциялары мен қасиеттері.
Факультеттің барлық ПОҚ, магистранттар мен докторанттарды шақырамыз.
Zoom Конференциясына кіру сілтемесі
https://uw-edu-pl.zoom.us/j/91397368219?pwd=3De9FlaVuBsnjwcWkipQBmrpJ8DGjH.1
Конференция идентификаторы: 913 9736 8219
Кіру коды: 617880