Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары Чжэцзян су ресурстары және электроэнергетика университетінің өкілдерімен кездестіFarabi University

Метеорология және гидрология кафедрасының оқытушылары Чжэцзян су ресурстары және электроэнергетика университетінің өкілдерімен кездесті

1 қараша, 2024

2024 жылдың 29 қазанында метеорология және гидрология кафедрасының ПОҚ ТДМ 4 және 6 мақсаттарын жүзеге асыру аясында Чжэцзян су ресурстары және электроэнергетика университетінің (ZJWEU) өкілдерімен кездесу өткізді.

ZJWEU – Чжэцзян провинциясындағы су шаруашылығы және гидроэнергетика саласына мамандандырылған жалғыз қолданбалы инженерлік университет. Университет су ресурстарын жақсарту мен гидроэнергетика технологияларын дамытуға бағытталған білім беру қызметін белсенді түрде дамытып келеді, сапалы әрі бірегей дамуға ерекше мән береді.

Кездесу барысында оқытушылар екі университет арасындағы студенттер мен оқытушылардың тәжірибе алмасуға бағытталған халықаралық келісімнің перспективаларын талқылады. Ынтымақтастық студенттер мен оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді және ғылыми-білім беру саласындағы байланысты нығайтады деп күтілуде.