- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ және Қазақстандағы БҰҰДБ: тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық перспективалары
ҚазҰУ және Қазақстандағы БҰҰДБ: тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық перспективалары
БҰҰДБ өкілдерінің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығымен тұрақты табиғатты пайдалану саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау, тұрақты дамуды қолдау үшін студент жастар мен қалың жұртшылық арасында экологиялық білім мен хабардарлық деңгейін арттыру бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі А.Ғ. Қазмағамбетов қонақтарды елдің жетекші жоғары оқу орны болып саналатын ҚазҰУ-дың туризм бойынша білім беру бағдарламаларымен және ынтымақтастықты дамыту үшін перспективалы басқа да бағыттармен, тұрақты даму қағидаттарын іске асыру нәтижелерімен, зерттеу жобалары туралы ақпарат алмасу салаларында бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерімен, экологиялық білім беру мен тұрақты дамуға, ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған білім беру курстары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру тәсілдерін үйлестірумен таныстырды және тұрақты даму саласындағы білім мен үздік тәжірибелермен алмасу үшін конференциялар, семинарлар және панельдік пікірталастарды ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды. Тараптар, проректор А.Ғ. Қазмағамбетов және Қазақстандағы БҰҰДБ биоалуантүрлілік саласындағы жобалардың үйлестірушісі Меруерт Сәрсембаева ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Мәселелерді талқылауға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, г.ғ.к. Ақтымбаева А.С., тұрақты туризм зертханасының жетекшісі, т.ғ.к. Артемьев А.М., Қазақстандағы БҰҰДБ БИОФИН жобасының талдаушысы Ерұлан Дүйсекеев қатысты.
Кездесудің қорытындысы БҰҰДБ БИОФИН жобасы шеңберінде әзірленген экологиялық туризмді стандарттау жөніндегі білім беру модулін «6В11101-Туризм» білім беру бағдарламасының «Экологиялық туризм» және «Туристік қызметтерді стандарттау және сертификаттау» оқу пәндеріне енгізу және жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына халықаралық тәжірибені енгізу бойынша консультацияларды жалғастыру туралы шешім болды.
Басқа жаңалықтар

