«Таза Қазақстан» экологиялық жобасының маңызы
2024 жылдың 30-қазан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, PhD ғылым докторы Ж.Сәрсенбайдың ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық жобасының маңызы» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға қазақ филологиясының 103 тобының студенттері қатысты. Осы жоба аясында студенттермен жүргізілген кураторлық сағатымыздың мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, әрбір аулада тазалық пен тәртіпке саналы, адал көзқарас қалыптастыру.
Іс-шарада студенттер университет ауласын, жатақхана маңайын және Алматы қаласының көрікті де әсем болуына атсалысатындарын пікірлерінен байқадық. Студенттер сахналық қойылым қойды, баяндамаларында қоршаған ортаны таза ұстаудың жолдарын ерекше атап өтті.