ТДМ-2: Экономика және бизнес Жоғары мектебінде «Көмек» Қоғамдық қоры қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды

1 қараша, 2024

Оқу ордамызда Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Көмек» Қоғамдық қоры ұйымдастыруымен 1 қараша күні  қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде оқытушылар мен білім алушыларға түрлі тамақ өнімдері  ұсынылды. Жәрмеңкеден 92,732 теңге қаражат жиналды. Бұл жәрмеңкеден түскен қаражаттың барлығы жағдайы төмен отбасыларға көмекке жұмсалады.