Метеорология және гидрология кафедрасының студенттері «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық конкурсының жеңімпаздары атанды

4 қараша, 2024

4-курс «Гидрология» БББ-ның студенттері Аязбек Арман мен Шарипбек Саят түркі елдерінің жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін халықаралық деңгейде атап өтіліп, «Түркі халықтарының үздік студенті» конкурсының жеңімпаздары атанды. Бұл шара «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған.

Бұл жеңіс студенттеріміздің білім деңгейі мен лидерлік қасиеттерінің жоғары екенін ғана емес, сонымен қатар университеттің түркі дүниесі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған белсенді жастар саясатын қолдау мен дамытуға деген ықыласын көрсетеді. Конкурстағы жеңіс, сондай-ақ, ТДМ 4 – «Сапалы білім» және ТДМ 17 – «Тұрақты даму үшін серіктестік» мақсаттарын қолдай отырып, білім берудің және халықаралық ынтымақтастықтың тұрақты болашақты жүзеге асырудағы маңыздылығын айқындайды.

Студенттерімізді лайықты марапатымен құттықтаймыз және жастар бастамаларын жүзеге асыруда, түркі халықтары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуда табыс тілейміз!