«Судың да сұрауы бар»

4 қараша, 2024

Тұрақты дамудың 6 және 12 мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде метеорология және гидрология кафедрасының магистранттары университет студенттері арасында күнделікті өмірде суды үнемдеу, суды ұтымды пайдаланудың қарапайым тәсілдері, сондай-ақ суды үнемдеудегі өз тәжірибелері жөнінде промпт-сауалнама жүргізді.

Бейнебаянда университетіміздің студенттерінің су ресурстарын үнемдеу, қорғау және оны тиімді пайдалану жайындағы көзқарастарымен танысасыз.

«Судың да сұрауы бар» түсінігін санасына сіңірген университет жастары арасында жүргізілген бұл сауалнама тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы талпынысымызды көрсетіп қана қоймай, тұрмыста пайдаланатын суды үнемдеуге қатысты қарапайым тәсілдерді ұсынады. Біз сізді осы маңызды диалогқа қатысуға және біздің болашағымыз үшін осы құнды ресурсты сақтау мәселелерін шешуге атсалысуға шақырамыз.

Видеоға сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DBt9rCGCv8e/?igsh=eHQ0ZHBhcWQwaDFv