№ 18 Студенттер үйінің 5 қабатын көркемдеу
Қоғамның, оның ішінде студенттердің мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған принциптер мен құндылықтарға, ортақ көзқарас пен ортақ мақсаттарға негізделген серіктестік қатынастарды орнатпай, орнықты даму саласында табысты іске асыру мүмкін емес.
Осылайша, ТДМ 17-ні іске асыру шеңберінде Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы және кафедра меңгерушісі з.ғ. д., профессор С. Ж. Сүлейменованың жетекшілігімен № 18 Студенттер үйінің 5-қабатын көркемдеу жұмыстары жандандырылды.
Студенттерді сабаққа ыңғайлы дайындау үшін екі оқу залында кітап шкафтары мен сөрелер сатып алынды, сонымен қатар кафедра студенттерді сабаққа дайындалу үшін заң әдебиеттерін, шабыт пен жақсы көңіл-күй үшін көркем әдебиеттерді сыйға тартты.
Ыңғайлы уақыт өткізу, әңгімелесу және студенттердің кейбір идеяларын, жоспарларын талқылау үшін демалыс аймағы жабдықталды.
Қабатты жайластыру барысында студенттердің тілектері ескерілді, жатақхананың студенттік кеңесінің төрағасымен тығыз байланыс болды.