Елді ояту үшін тарихты ояту керек
30 қазан 2024 “ Елді ояту үшін тарихты ояту керек” БҰҰ ТМД №5 Дискуссиялық отырыс және конференция өткізілді қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті О.Н.Тілепбергенов және Елтұтқа клубының мүшелері мен, Елді ояту үшін тарихты ояту керек, халықтың ұлттық санасын, рухани байлығын, мәдени мұрасын жандандыру үшін тарихтың мәнін түсінуге шақыруда дискуссиялық отырыс өткізілді. Елді ояту үшін тарихты ояту – өте маңызды қадам. Ұлттың санасын жаңғырту үшін оның өткенін дұрыс түсіну, тарихын білу және оның құндылықтарын бағалау қажет. Тарих – әр ұлттың болмысы, мәдениеті, рухани байлығының айнасы. Қазақ халқының терең тарихын, оның ерлігі мен асқақ армандарын білу ел болашағына сенім ұялатары анық. Қазақ тарихында сақтар мен ғұндар дәуірінен бастап, Алтын Орда, Қазақ хандығы, жоңғар шапқыншылығы, ұлт-азаттық көтерілістері, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, Алаш Орда, Ұлы Отан соғысы және Желтоқсан оқиғасына дейінгі кезеңдерде халқымыз азаттық жолында үлкен қиындықтардан өткен. Бұл кезеңдерді зерттеп, олардың сабақтарын түсіну – қазіргі жастардың бойында отаншылдық, патриотизм, өз ұлтына деген құрметті тәрбиелейді. Елдің санасын ояту үшін тарихымызды терең зерттеп, өткеннен үлгі алып, қазіргі болашаққа бағдар жасау аса маңызды. Тарихты тану арқылы елдің ұлттық рухын күшейтуге болады. Тақырыбымызды ашу мақсатында музейге баруды жөн көрдік. Мақсат: тарих, өнер, ғылым сияқты әртүрлі салалардан мәлімет алу, жаңа ақпарат үйренуге мүмкіндіктерге ие болу, үрлі мәдениеттердің өнер туындыларын, тарихын және дәстүрлерін танысу арқылы мәдениетаралық түсіністікті арттыру. Сонымен қатар, тарихи экспонаттар арқылы өткен дәуірлерді, оқиғаларды сезініп, оларды тереңірек түсіну. Сондықтан, музейге бару — тек білім алу ғана емес, сонымен қатар рухани әрі эмоционалдық тәжірибе.