"Қазақстандағы білім сапасы: ТДМ 4 аясында талдау және оны дамыту жолдары"

5 қараша, 2024

31.10.2024 күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде, «Сапалы білім» атты ТДМ-ның 4 мақсаты аясында қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті О.Н.Тілепбергеновпен «Елтұтқа» клубының мүшелерімен ашық талқылау өткізілді. Мақсатымыз: еліміздегі білім сапасының қандай екенін анықтап, оны одан әрі дамыту үшін қажетті іс-шараларды ұсыну. Мақсатымызға қол жеткізу барысында Қазақстандағы мектепке дейінгі, орта білім салалары айқындалып, ерекшеліктері талқыланды. Әр студент өз ойын жеткізіп, талқылау жүргізілді. Ұсыныстар мен кемшілектер белгіленді. Тобымызбен универститетіміздің кітапханасына барып, оқулықтармен,кітаптармен таныстық. Нәтижесінде оқу орнымыз туралы біраз мәліметтермен таныстық. Сонымен қатар, басқа ЖОО туралы да мағлұматтар тауып, еліміздегі үздік оқу орындары сараладық.