«Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар»
5 қараша, 2024
2024 жылдың 05 қарашасында ҒСК «Елтұтқа» қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті О.Н. Тлепбергеновтің бастауымен өткен БҰҰ ТДМ 5-мақсатына қол жеткізу аясында және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 90 жылдығына орай «Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шарада «Елтұтқа» клубының мүшелері және 306-топ студенттері Аликулов Д., Лесбек Е., Алиби А. белсенді қатысып, жеке адамға қарсы қылмыстардың құрамдарына талдау жасап, заманға сай қылмыстардың жасалуы мүмкін жаңа әдіс-тәсілдері болжамданды. Іс-шара модераторы О.Н. Тлепбергенов – дөңгелек үстел барысында көтерілген сұрақтар мен ұсыныстарына баға беріп, болашақ заңгерлермен бірге теориялық талдау жасады.