2024 жылдың 29 қазанында физика-математика факультетінің Ф-203-1 тобымен бірге Ғ.Мүсірепов атындағы ТЮЗ-да өткен "Лир Патша" спектакліне бардық. Пьесадағы оқиға біздің дәуірімізге дейінгі 9 ғасырда Ұлыбританияда орын алған. Қартайған Лир Патша үш қызы Гонерилла, Регана және Корделияға өз патшалығын бөліп беруге шешім қабылдады. Үлкен қыздары әкесіне деген шексіз сүйіспеншілігін көпшілік алдында білдірді, ал кішісі Корделия өз сезімдерімен ант беруден бас тартты. Патша ашуланды. Ол өз патшалығын үлкен қыздарына береді, олар кейіннен әкесімен санасуды тоқтатады, оған опасыздық жасайды, содан кейін оны мүлдем қуып жібереді. Лир Патша жақын адамдардың сатқындықтарын бастан өткерді. Пьесаның соңында Лир Патша есінен адасып қалады. Алайда, патша өзінің ессіздігінде қателіктерін ұғынады, өкінеді. Біз сүйіспеншілікке толы, мейірімді және сонымен бірге сенімді әке мен оның қайырымсыз қыздарының қақтығысын көреміз. Спектакльді жас талантты қоюшы режиссер Фархад Молдағали сахналады, ол біздің қазіргі әлемде өкінішке орай ештеңе өзгермегенін сенімді түрде көрсете алды. Ұлы Уильям Шекспирдің драмалық шығармасы бүгінгі дүниетаным тұрғысынан да өзектілігі мен маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
Лирдің рөлін өте әсем келбеті әртіс Сағызбай Қарабалин тамаша сомдады, әртіс Сафуан Рысбайұлы әзілқой ретінде талантты өнер көрсетті. Труппаның жас әртістері де көрермендерді шынайылығымен және актерлік шеберлігімен баурап алды. Спектакль соңында көрермендер әртістерді қошеметке бөлеп, ұзақ уақыт қоштасуға қимады. Студенттерге келетін болсақ, олар спектакльден керемет әсер алды, әкелеріне басқаша қарауға мәжбүр еткен сезімдер мен эмоцияларды бастан өткерді. Студенттер өмір бойы ата-аналарын, олардың қамқорлығы мен сүйіспеншілігін бағалап, отбасылық қарым-қатынасты сақтау керек екенін мойындады. Ата-аналарымызға өзіміздің сүйіспеншілігімізді мойындаудан ұялудың қажеті жоқ. Өйткені, бұл ата-аналар үшін де, балалар үшін де өте маңызды.