«ЕУРАЗИЯНЫҢ ТҮРКІ ӘЛЕМІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

6 қараша, 2024

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы «Еуразияның түркі әлемі (V-XIV ғасырлар)» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Конференция «Ватикан материалдары мен батыстың тарихи-мұрағат деректері бойынша Еуразияның түркі әлемі (V-XIV ғғ.)» жобасының басты шарасы болып табылады. Конференция аясында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Республикалық Дүниежүзі тарихын зерттеу ғылыми орталығының директоры, Ұлттық Ғылым академиясының Құрметті академигі, Геттинген университетінің профессоры, «Құрмет» орденінің кавалері Қ.Т. Жұмағұловтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ғибратты ғұмыр» кітабының тұсаукесері жоспарланған.

Конференция жұмысының бағыттары

  • Еуразия әлемі: ертедегі түркілерден Жошы ұлысына дейін;
  • Әлемдік қоғамдастық және Қазақстан қазіргі заманғы интеграция мен жаңғырту жағдайында;
  • Дөңгелек үстел: Ватиканның батыс тарихи-мұрағаттық дереккөздері мен материалдары бойынша Еуразияның түркі әлемі (V-XIV ғғ.).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Өткізілетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Кітапханасы, 4 қабат, № 409 (Ақ Зал).

09.00 - тіркеу, 10.00 - конференцияның басталуы.

Форматы: оффлайн, онлайн

Отырыстың түрі: жалпы және секциялық отырыс.

Конференция бағдарламасын дайындау үшін секциялар бойынша баяндама тақырыбын 2024 жылғы 31 қазанға дейін, ал баяндама материалдарын 2024 жылғы 15 қарашаға дейін электрондық пошта мекенжайына жіберуді сұраймыз zhan.dsmk@gmail.com.  Конференция материалдары электрондық жинақ түрінде шығарылады. Мақалаларды жариялау тегін.

Мақаланың мәтініне қойылатын талаптар: Мақаланың көлемі 5-8 бетті (әдебиеттер тізімін қоса алғанда) құрауы тиіс. Жариялау үшiн баптың мәтiнi мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс: мақаланың мәтiнi мен тiркеу нысаны Times New Roman қарпiмен терiлуi тиiс (14), аралық - 1,0, А4 форматындағы стандартты парақта, жиектер: сол жақта - 3 см, оң жақта - 1,0 см, жоғарғы жағы - 2 см, төменгi жағы - 2 см.

Беттің ортасында бас әріптермен қалың қаріппен баяндаманың атауы жазылады; жол арқылы автордың тегі мен аты-жөні, мекеменің толық атауы, лауазымы, қаланың атауы жазылады.

Төменде, бір жолдан кейін курсивпен Times New Roman (12) андатпа (3-4 сөйлем), түйінді сөздер жазылу керек. Төменде бір жолдан кейін мақаланың мәтіні орналасады. Мақаланың мәтінінен кейін пайдаланылған әдебиеттердің тізімі орналастырылады. Ұйымдастыру комитетіне мерзімінен кеш жіберілген талаптарға сәйкес ресімделмеген материалдар конференция жинағына енгізілмейді. Жіберуші тараптың есебінен конференцияға қатысушылардың іссапар шығыстары.

Электрондық пошта мекенжайына жіберілетін өтінім мен мақала хат атауы мен ұсынушы ғалымның тегі жазылған 2 файлдағы өтінім мен мақала түрінде болуы тиіс:

Конференцияға қатысуға өтінім

1

Аты жөні

 

2

Елі, қаласы

 

3

Жұмыс орны, қызметі

 

4

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

5

Мобильді телефон

 

6

Электронды пошта (e-mail)

 

7

Баяндама тақырыбы  (мақала)

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. ГУК-3. 4 қабат. Тарих факультеті. Дүниежүзілік тарих, тарихнама және деректану кафедрасы, 415 кабинет, 421.

Байланыс телефондары: Дүйсембек Жанна, моб.телефон: +7 778 111 6379; 87273773333 (ішкі. 12-84)