«Мақсаттарға қол жеткізу жолындағы әріптестік»

5 қараша, 2024

2024 жылғы  5 қарашада (17 ТДМ) бойынша  «Мақсаттарға қол жеткізу жолындағы әріптестік» іске асыру шеңберінде «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент К.Р. Усеинова сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Іс-шараға заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты  У.А. Ахатов қатысты.

Кездесуде институционалдық әріптестікті нығайту және біздің бастамаларымыздың ашықтығын арттыру мақсатында ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен болашақ перспективаларына баса назар аударылды.

Біздің басты мақсатымыз барлық деңгейде сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін тиімді және есеп беретін құрылымдар құру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ынтымақтастық басқару тәсілдерін жетілдіруге, қоғамдық сенімді нығайтуға және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі.

“Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық” кафедрасы.